2015 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімін белгілеу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 158-202 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына мынадай санаттар қосымша белгіленсін:
1) елу жасқа толған тұлғалар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
4) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);
5) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері;
6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар.