«Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/22-VIII шешімі (2025.05.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/22-VIII шешімі

(2025.05.05. берілген өзгерістермен)

 

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қазандағы № 16/172-VIII шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Үлкен Нарын ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ж. Сыдыкова

 

Шығыс Қазақстан облысы

Үлкен Нарын аудандық мәслихатының

2024 жылғы 5 шілдедегі

№ 4/22-VIII шешіміне

1 - қосымша

 

 

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

 

1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

 

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2025.15.04. № 11/126-VIII шешімімен 2-қосымша жаңа редакцияда (2025 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Шығыс Қазақстан облысы

Үлкен Нарын аудандық мәслихатының

2024 жылғы 5 шілдедегі

№ 4/22-VIII шешіміне

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.