«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 277/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 533/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) өз құзыреті шегінде пошта саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
2-2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;»;
4) тармақша алып тасталсын;
42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: