(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕ, БАСҚА ...

Предыдущая страница

Талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындарға қатысты ұзын түтікшелі сүйектің, жамбас сүйегінің, табан қоспасы сүйектерінің, табан сүйектерінің, өкше, топайсүйегінің, бұғананың, жауырынның, алақан сүйектерінің және білезіктің сынулары бітелгеннен кейін пластиналарды, интрамедуллярлы штифті, болттар-тартқыштарды және басқа да металл құрастырғыштарды (бірлі-жарым шуруптардан, сымдардан, біздерден, микровинттерден және микропластиналардан басқа) алып тастау бойынша операция жасау үшін алты айға әскери қызметке жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады. Операциядан бас тартқан кезде медициналық куәландыру талаптардың 82-тармағы бойынша жүргізіледі.

Жарықшақты және (немесе) бір-екі көлденең омыртқаның өсінділері сынғаннан, омыртқаларды соғып алудан, штифті, пластинканы немесе басқа да құрастырғыштарды алып тастағаннан кейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қызметтік міндеттерінен босату қажеттігі туралы қорытынды шығарылады.

Майда сүйектердің асқынбаған стационарлық емдеуді қажет етпейтін жабық сынықтары кезінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге науқастануы бойынша демалыс беру немесе босату қажеттігі туралы қорытынды шығара отырып амбулаторлық куәландыруға рұқсат етіледі.

Сүйек мүйізгегінің пайда болу белгілерінен кейін, тек гипспен таңуды қажет ететін, түтікше немесе басқа да сүйектердің асқынбаған жабық сынықтары кезінде ІІІ баған бойынша куәландырылатын әскери қызметшілерге гипс таңғышын алғанға дейін амбулаторлық емделу үшін науқастануы бойынша демалыс беру немесе босату туралы қорытынды шығара отырып медициналық мекемеден шығарылады. Әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары емдеуді жалғастыру үшін әскери (арнаулы) оқу орындарының лазареттеріне, ал мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді әскери бөлімдердің медициналық пунктеріне, онда осы науқастардың болуы үшін жағдайлар болған кезде, госпиталь хирургінің (травматологының) кемінде айына бір рет міндетті тексеруімен орналастыру орынды. Әскери оқу орнының лазаретінде, әскери бөлімнің медициналық пунктінде емдеу аяқталғаннан кейін осы адамдарға науқастануы бойынша демалыс беру үшін әскери бөлім дәрігерінің ұсынымы бойынша ГӘДК-ға медициналық куәландыру өткізіледі.

Жақ сүйегінің және беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттары салдарынан науқастануы бойынша демалыс беру туралы қорытынды шығаруға негіздеме сынықтардың баяу консолидациясы, хирургиялық немесе ортопедиялық емдеудің күрделі әдістерін қажет ететін тығыз тыртықтардың немесе сынықтардың болуы, сондай-ақ жарақаттар остеомиелиті бар сынықтар болып табылады.

Буындардағы қозғалыс көлемін бағалау кезінде талаптардың 65-тармағының түсініктері басшылыққа алынады.

Жіті экзогенді әсер етуі мен уланудан кейін қалдықты құбылыстар кезінде талаптардың І бағаны бойынша куәландырылатындар 6 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Бұдан әрі олардың әскери қызметке жарамдылығы мүшелер мен жүйелер функцияларының қалпына келуі дәрежесіне байланысты талаптардың 85-тармағы бойынша айқындалады.

 

19. Басқа да аурулар

 

 

Жақсы дене дамуымен және тамақтанумен, теңбе-тең дене бітімімен, дене салмағы кемінде 45 кг және бойы кемінде 150 см І, ІІ бағандар бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамды деп танылады.

Дене салмағы 45 кг аз және бойы 150 см төмен І баған бойынша куәландырылатындар эндокринологтың тексерілуіне жатады. Бұл адамдар 87 тармақ 2) тармақша негізінде 12 айға әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылады. Сақталған жеткіліксіз дене дамуы болған кезде медициналық куәландыру 87 тармақтың 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.

 

 

Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеген және мерзімді әскери қызметке шақырған кезде, сондай-ақ энурезбен ауыратын әскери қызметшілерді тексеру мен емдеу стационарлық жағдайларда урологтың, невропатологтың, дерматовенерологтың, медициналық көрсеткіштер болған кезде психиатрдың қатысуымен жүргізіледі.

Бақылаулар мен тексерулер нәтижелері, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқармалардан (бөлімдерден), әскери бөлімдерден алынған деректер түнгі зәрді ұстай алмаушылықтың (энурездің) болуын және емдеу тиімділігінің болмауын растайтын жағдайлар кезінде талаптардың І-ІІ бағандары бойынша куәландырылатындар әскери қызметке жарамсыз деп танылады.

Егер түнгі зәрді ұстай алмаушылық (энурез) қандай да бір науқастанудың белгісі болып табылса, қорытынды негізгі науқастануды көздейтін аурулар кестесінің тармағы бойынша шығарылады.

 

 

89 тармақ 2) тармақшаға тұрақты, жүйелі ұзақ емделмейтін шығу тегі функционалдық афония жатады.

Кекештеніп (тұтығып) сөйлеу бұзылуы болған кезде куәландырылушы невропатологтың, психиатрдың, оториноларингологтың және логопедтің терең тексеруіне жатады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды тексеру деректері және әскери бөлімнен, қорғаныс істері жөніндегі басқармадан (бөлімнен), әскери қызметке кіргенге дейін оқу орнынан немесе жұмысынан алынған және оның денсаулық жағдайын сипаттайтын құжаттарды мұқият зерделеу негізінде шығарылады.

Кекештенудің (тұтығудың) айқындылық дәрежесі әртүрлі жағдайларда сөйлеу функциясының жай-күйін қарқынды бақылау жолымен айқындалады және науқастанудың аса айқын көрінген сәттеріндегі жай-күйі бойынша бағаланады. Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды куәландырылушының әскери қызмет міндеттерін орындау қабілетін ескере отырып шығарылады. Қолбасшылық мінездемесінің және куәландырылатынның әскери қызмет міндеттерін орындауда кекештену (тұтығу) қандай дәрежеде көрінетіні туралы нұсқамасының сараптамалық бағалауда елеулі маңызы бар.

Әскери қызмет өткеруге кедергі келтірмейтін орташа кекештену (тұтығу) бөгеліп сөйлеу, сөйлемнің басында «кідіру», аз сөйлемнің (бір рет ауа шығаруда) басқа сөздерін еркін айту немесе шамалы тоқталып, бірақ қайталаусыз айтуы болып табылады.

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2016.24.02. № 85 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,

басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында

қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының

сәйкес келуіне қойылатын талаптарға

3-қосымша

 

 

Шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру
кезінде азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне
талаптар

 

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,

басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында

қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының

сәйкес келуіне қойылатын талаптарға

4-қосымша

 

 

РЗ-мен, ИСК-мен, лазерлік сәулелену, ЗОҚ, ЭМӨ көздерімен қызмет (жұмыс істеу) үшін іріктеу және
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру (жұмыс істеу) кезінде азаматтардың
денсаулық жағдайының сәйкес келуіне

 талаптар

 

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,

басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында

қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының

сәйкес келуіне қойылатын талаптарға

5-қосымша

 

 

Азаматтарды оқу (қызмет ету) үшін, курсанттарды, мерзімді әскери қызмет өткеретін
әскери қызметшілерді жекелеген әскери-есептік мамандықтар бойынша іріктеу кезінде
азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар

 

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде,

басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында

қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының

сәйкес келуіне қойылатын талаптарға

6-қосымша

 


Әскери (арнаулы) оқу орындарына
кандидаттарды іріктеу кезінде азаматтардың денсаулық жағдайының сәйкес келуіне талаптар