«Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 411 бұйрығы

«Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 411 бұйрығы

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10372 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген сәтте өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асырған агенттіктер аккредиттеуге жатады.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген агенттіктердің жалпы саны жиырмадан аспайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Агенттіктің сенім білдірген адамы жұмысты жүзеге асыру үшін Комитетке Кодекстің 112-бабында көрсетілген құжаттарды тапсырады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Кодекстің 112-бабына сәйкес агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері;

1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;

2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.