«Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 728 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11206 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (А.Х. Базылбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі, елтаңбалық мөрмен расталған көшірмесін ресми жариялау үшін жәнеҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;