Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 278 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 3-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 4-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын, 5-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын, 8-тармағының үшінші, төртінші абзацтарын, 9-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 11-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Әділет министрінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ 278 бұйрығымен
бекітілді
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қаңтардағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13043 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізу: