«Кәсіптік стандарт: «Құрылыстағы өндіріс менеджері» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 қарашадағы № 560 бұйрығына 13-қосымша (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және

құрылыс министрінің

2026 жылғы 4 қарашадағы

№ 560 бұйрығына 13-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт:

«Құрылыстағы өндіріс менеджері»

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Осы кәсіптік стандарт 42.99.0 «Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де инженерлік құрылыстар салу» ЭҚЖЖ сәйкес келетін кәсіптік қызмет түрі шеңберінде құрылыс өндірісін ұйымдастыруды және жедел басқаруды жүзеге асыратын жұмыскерлердің біліктілігіне, кәсіптік біліміне, жұмыс тәжірибесіне, білімдеріне, машықтары мен дағдыларына қойылатын талаптарды айқындау үшін қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) Кәсіптік стандарт - белгілі бір кәсіптік қызмет саласында білімдерге, машықтарға, дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне, формальды, формальды емес және информалды білім беруді ескере отырып біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбектің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

2) Құрылыс жобасы - құрылысты ұйымдастыру және жүргізу, аумақты инженерлік дайындау және абаттандыру үшін қажетті көлемдік-жоспарлау, конструктивтік, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді, сондай-ақ сметалық есептерді қамтитын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы;

3) Құрылыс-монтаждау жұмыстары - құрылыс объектісін салу (реконструкциялау) кезінде бекітілген құрылыс жобасына, ұйымдастыру-технологиялық құжаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес орындалатын жұмыстар кешені;

4) Ұйымдастыру-технологиялық құжаттар - жұмыстарды жүргізу жобасын және нормативтік талаптарда көзделген өзге де құжаттарды қоса алғанда, құрылыс процестерін орындауды ұйымдастыруды, олардың реттілігін, технологиясын және қауіпсіз әдістерін айқындайтын құжаттар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.