Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 283/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.30.01. № 9/2 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 144/5 қаулысымен
бекітілді
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.30.01. берілген өзгерістермен)
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну:
1) облыстың және қалалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
2) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі - қаржы агенттігі);
3) 180 миллион (бұдан әрі - млн.) теңгеден артық емес кредиттер бойынша www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы (бұдан әрі - кепілдік хаты);
180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша - Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме (бұдан әрі - көшірме).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.