Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 17 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері министрінің

2016 жылғы 19 мамырдағы

№ 103 бұйрығына 4-қосымша

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру

қағидалары

1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 46-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру тәртібін айқындайды.

2. Қызметкерді атқарып отырған лауазымынан босату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қарамағына енгізу Ұлттық бюро Төрағасының немесе аумақтық органы басшысының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Ерекше мән-жайлардан туындаған айрықша жағдайларда бұл мерзімді Ұлттық бюро Төрағасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысы 2 айға дейін ұзартады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.