«Орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы

Орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 29 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2026-2027 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:

2026 жылғы 1 қыркүйек - 2027 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:

1-тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 26 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан - 8 оқу аптасы, қысқы демалыс - күнтізбелік 14 күн (2026 жылғы 28 желтоқсаннан бастап 2027 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан - 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс - күнтізбелік 7 күн (2027 жылғы 22-28 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда қосымша демалыс - күнтізбелік 7 күн (2027 жылғы 8-14 ақпанды қоса алғанда):

4-тоқсан - 8 оқу аптасы.

2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары - 2027 жылғы 31 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;

11 (12)-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары - 2027 жылғы 1-17 маусым аралығында.

3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып білім алушылары үшін:

1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан - 2027 жылғы 31 мамыр;

2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) - 2027 жылғы 3 маусым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.