Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығы
(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.15.04. № 207 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2025.08.01. № 4 бұйрығымен (2025 ж. 15 нарыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 144 бұйрығымен (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-23) тармақшасына және ««Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 193 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11723 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған);
2) «Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11721 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған).