«Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 109 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 109 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Өтініш электрондық пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі).

5. Кандидат өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1) «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білім мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом көшірмесін («сарапшы» біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.