ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы
(2025.04.07. берілген өзгерістермен)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2025 ж. 19 мамырдағы № 880 Жарлығын қараңыз (2028 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.