Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең аз талаптарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 708 бұйрығы
Бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың сапалы деңгейіне көшу үшін жағдай жасау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге (бұдан әрі - Цифрлық портфель) ұсынылатын ең аз талаптар белгіленсін.
2. Білім беру ұйымдарына 2019 жылы бірінші жартыжылдық ішінде компьютерлік және перифериялық техниканы, сондай-ақ инфрақұрылым мен ақпараттық жүйелерді Цифрлық портфельге сәйкес келтіру ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Цифрландыру департаменті:
1) 2019 жылғы 1 ақпанға дейін Цифрлық портфельдің талаптарын барлық білім беру ұйымдарына жеткізсін;
2) 2019 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйелерінің білім беру ұйымдарында пайдаланылатын ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылының үлгілік қағидаларын әзірлеп бекітсін және 2019 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде оларды мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Р.А. Биғариға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Е. Сағадиев |
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 708 бұйрығына
қосымша
Білім беру ұйымдарында пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық
кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге ұсынылатын ең аз
талаптар