«Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 250 Қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 250 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі

О. Уразалин

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2020 жылғы 17 маусымдағы

№ 250 қаулысына қосымша

 

 

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.