«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №769 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 2872 Қаулысы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 141 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
«Келісілді»
Шымкент қалалық сайлау
Комиссиясы
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2872 қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| Абай ауданы | |
| 1. | «Қатын көпір» шағын ауданы, Әл-Фараби көшесі, № 94 үйдің жанында |
| 2. | «Тұрлан» шағын ауданы, Шмидта көшесі, «Тұрлан экспедициясы» аялдамасының жанында |
| 3. | «Игілік» тұрғын алабы, Ж.Манқараев көшесі, «Жорабай ата» аялдамасының жанында |
| 4. | Бәйдібек би даңғылы, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында |