«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Академиясын медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 292 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Академиясын медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 292 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Академиясын медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы полиция полковнигі

Б. Әленов

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

2025 жылғы»___»________

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

міндетін атқарушының

2025 жылғы 15 сәуірдегі

№ 292 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және Академиянын медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған

заттай нормалары

 

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери медициналық бөлімшелерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.