«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2026 – 2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 366-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 392-НҚ бұйрығы

 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2026 - 2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 366-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 392-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2026 - 2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 366-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 4-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.