«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 308/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 91-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін «цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.