(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТТАР БЕРУ ҚАҒИД...

Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы

(2020.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2014 жылғы «____»________

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2014 жылғы «____»________

 

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020.26.08. № 203-ө бұйрығымен қағидажаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушының

2014 жылғы 19 желтоқсандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.