«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 527 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақшалай жабдықталым - атқаратын әскери лауазымына сәйкес әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысы (әскери лауазымы бойынша айлықақы) және берілген әскери атаққа сәйкес айлықақы (әскери атағы бойынша айлықақы);
2) ақшалай үлес - әскери қызметшілерді материалдық қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылатын, ай сайын төленетін үлес түрі. Ақшалай үлес ақшалай жабдықталымнан, қызметтің ерекше жағдайы үшін үстемеақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақы мен қосымша төлемнен тұрады;
3) үстемеақы - қызметтiң ерекше жағдайы үшiн лауазымдық немесе базалық лауазымдық айлықақыдан пайыздық қатынаспен не белгiленген мөлшерде есептелетiн ай сайынғы төлем;