W ескерту: Деректерді ағындық өңдеу режимінде жұмыс істейтін және әрбір машиналық тактіде бір арифметикалық немесе логикалық операциялар орындауға арналған «ЕЭ» үшін есептеу жылдамдығы цикл аяқталған соң айқындалуы мүмкін. Мұндай «ЕЭ» үшін есептеудің тиімді жылдамдығы (R) мәліметтерді ағындық өңдеу режимінде онсыз режимдегіге қарағанда жоғары.
X ескерту: Бір цикл ішінде көп мәрте арифметикалық операциялар орындайтын «ЕЭ» үшін (мысалы, цикл ішінде екі қосу немесе цикл ішінде екі тәуелсіз логикалық операциялар) t орындау уақыты былайша есептеледі:
циклдың уақыты t =
бір машиналық циклдегі тәуелсіз операциялардың саны
Бір машиналық циклде түрлі үлгідегі арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындайтын «ЕЭ» бір мезгілде жұмыс істейтін көптеген жекелеген «ЕЭ» (мысалы, бір циклде қосу және көбейту операцияларын орындайтын «ЕЭ» екі «ЕЭ» ретінде қаралуы тиіс, олардың біреуі бір циклде қосуды, ал екіншісі - көбейтуді орындайды) ретінде қаралуы тиіс. Егер жекелеген «ЕЭ» скалярлы да, сондай-ақ векторлы де функцияларды орындайтын болса, онда орындаудың ең қысқа уақытының мәні пайдаланылады.
Ү ескерту: Егер «ЕЭ» ЖҮ-мен не қосу операцияларын, не ЖҮ-мен көбейту операцияларын орындамай, бірақ ЖҮ-мен бөлу операцияларын орындайтын болса, онда:
1
Rжү =
t бөлу ЖҮ
Егер «ЕЭ» кері шаманы алу операцияларын орындап, бірақ ЖҮ-мен не қосу операцияларын, ЖҮ-мен не көбейту немесе бөлу операцияларын орындамайтын болса, онда:
1
Rпз = t ЖҮ кері шамасын алу
Егер көрсетілген командалардың бірде-біреуі орындалмайтын болса, онда орындаудың тиімді жылдамдығы R жү=0
Z ескерту: Қарапайым қисындық операция - бұл бір командада берілген ұзындықтың екі операндасынан артық емес бір логикалы іс-қимыл орындалатын операция. Күрделі логикалық операция - бұл бір командада екі немесе одан көп операндалармен көп мәрте қисындық іс-қимылдар орындалатын және бір немесе бірнеше нәтижелер берілетін операция.
Есептеулердің жылдамдығы операндалардың барлық қолдау көрсетілетін ұзындықтары үшін есептеледі, бұл ретте деректерді өңдеудің екі режимі де ағындағы да (егер қолдау көрсетілсе) және ағындық емесі де қаралады және мыналарға негізделген операндоның әрбір ұзындығы үшін ең тез командалар пайдаланылады:
1. Реттіліктегі операциялар немесе регистр-регистр операциялары. Алдын ала айқындалған операндоға немесе операндоларға арналған операциялар үшін генерацияланатын орындаудың аса қысқа уақытын болдырмайды. (мысалы, 0 немесе 1-ге көбейту). Егер регистр-регистр үлгісіндегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (2) тармақты басшылыққа алу керек.
2. Регистр-регистр немесе жады-регистр үлгісіндегі ең тез операциялар. Егер мұндай үлгідегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (3) тармақты басшылыққа алу керек.
3. Жады-жады үлгісіндегі операциялар.
Кез келген жағдайда жоғарыда санамаланғандардың ішінен дайындаушының паспорттық деректерінде көрсетілген операцияларды орындаудың ең қысқа уақытын пайдаланыңыз.
2-кезең: СҰ әрбір қолдау көрсетілетін операндоның ұзындығы үшін ТӨ
R (немесе R') есептеулерінің тиімді жылдамдығын L сөз ұзындығын түзете отырып мынадай түрде қайта есептеңіздер:
ТП= R х L
мұндағы L = (1/3 + ДС/96)
Ескерту: Осы есептеуде пайдаланылатын СҰ сөз ұзындығы - бұл биттегі операнданың ұзындығы. (Егер операцияда түрлі ұзындықтағы операндалар іске қосылған болса, ең жоғары СҰ-ны пайдаланыңыз.)
Жүзбелі үтірмен есептеу жүргізуге қабілетті процессордағы немесе функционалдық құрылғыдағы арифметикалық және логикалық құрылғының (АЛҚ) комбинациясы және АЛҚ экспоненттері ТЖӨ-ні есептеу кезінде сөз ұзындығы (СҰ) деректерді ұсынудағы биттердің (32 немесе 64 разрядтағы) санымен барабар бір «ЕЭ» ретінде қаралады.
Бұл есептеу ХОК операциясы пайдаланылмайтын мамандандырылған логикалық процессорларға қолданылмайды. Бұл жағдайда:
ТП=R.
Төмендегілер үшін ТҮ-нің ең жоғары нәтижелі мәнін таңдаңыз:
Тек Т (Rтү)-мен іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
Тек ЖҮ (Rжү)-мен іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
ЖҮ-мен де, ТҮ (R)-мен де іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
Көрсетілген арифметикалық операциялардың бірде-біреуін орындамайтын әрбір қарапайым логикалық процессор үшін; және
Көрсетілген арифметикалық немесе логикалық операциялардың бірде-біреуін орындамайтын әрбір мамандандырылған логикалық процессор.
3-кезең: ОП-ны қоса алғанда, «ЕЭ» конфигурациясы үшін «ТЖӨ» есебі.
Бір «ЕЭ»-лі ОП үшін
«ТЖӨ» = ТӨ
(ТҮ-мен де, сондай-ақ ЖҮ-мен де операциялар орындайтын «ЕЭ» үшін
ТӨ = max (ТӨжү, ТӨтү)
Бір мезгілде жұмыс істейтін көп «ВЭ» конфигурациялары үшін «ТЖӨ» есебі:
1-ескерту: «ЕЭ»-нің мүмкін конфигурацияларының арасынан барлық «ВЭ»-нің бір мезгілде жұмыс істеуіне жол бермейтін конфигурациялар үшін ең көп «ТЖӨ» конфигурацияны таңдап алынады. «ЕЭ»-нің әрбір мүмкін конфигурациялары үшін «ТЖӨ»-ні есептегенде ТӨ-нің мәні үшін оның ең мүмкін теориялық мәні таңдап алынады.
Ерекше ескерту: «ЕЭ» бір мезгілде жұмыс істейтін мүмкін конфигурациялар ең баяу «ЕЭ»-ден бастап (операцияларды орындау кезінде циклдардың ең көп саны орындалатын) және ең тез «ВЭ»-мен аяқтағанда командаларды барлық «ВЭ»-нің орындауымен айқындалады. Машиналық цикл командаларының белгілі бір ретінің ішінде орнатылатын есептеу элементтерінің конфигурациясы мүмкін конфигурация болып та табылады. Командалардың ретін айқындау кезінде жауып тастайтын операцияларға арналған аппараттық және/немесе архитектуралық жіктеулерді назарға алу керек.
2-ескерту: Бір интегралды микросхемада немесе бір баспа палатасында көптеген «ЕЭ» бола алады.
3-ескерту: Егер дайындаушы осы жүйелерді басқару жөніндегі нұсқаулықта немесе кітапшада біріктірілген, орны ауыстырылған, қатарлас немесе бір мезгілдік операциялардың немесе іс-қимылының болуы туралы мәлімдесе, «ЕЭ»-нің бір мезгілдегі жұмыс істеуі орын алады деп есептеледі.
4-ескерту: «ТЖӨ»-нің мәні «жергілікті есептеу желілеріне», кең ауқымды есептеу желілеріне, ортақ кірме-шығару құрылғыларына, кірме-шығару бақылаушылары мен «бағдарламалық құралдармен» іске асырылған кез келген басқа да коммуникациялық қосылыстарға байланыстырылған «ВЭ» комбинациялары үшін қосындыланбайды.
5-ескерту: «ЕЭ» арнайы әзірленген аппараттық құралдарды пайдалану жолымен біртұтас конфигурацияға біріктірілген жағдайда, «ТЖӨ»-нің мәні «ЕЭ»-ні біріктіру, олардың бір мезгілдегі жұмысы мен жад бөлу (немесе көбейту) есебінен олардың сипаттамаларын арттыру үшін арнайы әзірленген көптеген «ЕЭ» үшін қосындылануы тиіс.
Мұндай біріктірілу 4А003.С тармағында сипатталған «электрондық жинақтауларға» жатпайды.
«ТЖӨ» = ТӨ1 + С2 х ТӨ2 +... + Сn х ТӨn,
мұнда ТӨ мәні оның шамасы бойынша ретке келтірілген, яғни ТӨ1 мейлінше үлкен шамаға ие, ТӨ2 шамасы бойынша екінші маңызға ие, солай кете береді, сөйтіп ақырында, ТӨn ең аз шамаға ие болады. Сі коэффициенттері мынадай түрде «ЕЭ» арасындағы өзара байланыс күшімен айқындалады:
Жалпы жадтағы бір мезгілде жұмыс істейтін ЕЭ көп болған жағдайда:
С2 = С3 = С4=...= Сn = 0,75
1-ескерту: Егер жоғарыда аталған әдіс бойынша есептелген «ТЖӨ» шамасы 194 Мтопс-тен аспаса, онда Сі былай айқындалына алады:
0,75
Ci=------------ (і=2,...,n)
Vm
мұндағы m = әрбір «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары, мынадай шартта:
1. Әрбір «ЕЭ»-тің немесе «ЕЭ» топтарының ТРі -і 30 Мтопс-тен аспайды.
2. «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары негізгі жадқа бір арна бойынша жүзеге асырылады (кэш-жадты қоспағанда); және
3. Тек бір «ЕЭ» немесе «ЕЭ» тобы осы арнаны кез келген уақытта пайдалана алады.
Ерекше ескерту: мұның 3-санат бойынша бақыланатын бұйымдарға қатысы жоқ.
2-ескерту: Егер олар қатты денелі жадтың жалпы блогына бағытталатын болса «ЕЭ» жалпы жадқа ие деп есептелінеді. Бұл жад кэш-жадты, жедел жадты немесе ішкі жадты қамти алады. Диск енгізгіш, магнит таспасындағы жинақтаушылар немесе еркін қол жеткізілетін дискілер түріндегі сыртқы жад мұнда кірмейді.
Жалпы жадқа ие емес, деректер берудің бір немесе одан көп арналарымен өзара байланысты көптеген «ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары жағдайы үшін:
Сі = 0,75х kі (і = 2,...,32) (Төмендегі ескертуді қараңыз)
= 0,60 x ki (і = 33,...,64)
= 0,45 x ki (і = 65,...,256)
= 0,30 х ki (і > 256),
Сі мәні «ЕЭ» санына байланысты және байланыстардың санына қатысты емес.
мұндағы
ki = min (Si/Kr, 1), және
Кr = 20 МБайт/с-ға тең нормалаушы көбейткіш
Si = жалпы жадқа ие, «ЕЭ»-нің немесе «ЕЭ» топтарының і-не жататын деректер берудің барлық арналары үшін деректер берудің ең жоғары жылдамдығының жиынтығы.
«ЕЭ» тобы үшін есептеу кезінде топтағы бірінші «ЕЭ»-нің нөмірін Сі үшін өзінің шегі айқындайды. Мысалы, әрқайсысы үш «ВЭ»-ден тұратын топтар конфигурациясында 22-топ «ЕЭ»64, «ЕЭ»65 және «ЕЭ»66-ны қамтитын болады. Осы топтағы Сі -дің өзінің шегі 0,60-қа тең.
Конфигурацияларды («ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары) ең тезінен ең баяуына қарай анықтау керек, яғни:
ТӨ1>= ТӨ2>=...>= ТӨn, және
ТӨі = ТӨі+1, жағдайында ең үлкен мәнінен ең төмен мәніне қарай анықтау керек, яғни:
Ci < Ci+1
Ескерту: егер ТПі »ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары 50Мтопс-тен үлкен болса, кі көбейткіші 2-ден 12-ге дейінгі «ЕЭ»-ге қолданылуы тиіс емес; яғни «ЕЭ» үшін Сi: 2-ден 12-ге дейін 0,75-ке тең.
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1372 Қаулысымен 5-санат өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-Санат
Телекоммуникациялар және «ақпарат қорғау»
1-Бөлім
Телекоммуникациялар
1-ескерту: Телекоммуникациялық жабдық немесе жүйелер үшін арнайы әзірленген компоненттердің «лазерлік», сынақ және «өндірістік» жабдықтың, материалдар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» жабдығының бақылаулық мәртебесі 5-санаттың 1-бөлімінде айқындалады.
2-ескерту: Телекоммуникациялық жабдықтың жұмыс істеуі немесе қолдау үшін қажетті «цифрлық ЭЕМ», онымен байланысты жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» бұл санатта олар өндіруші беретін стандартты моделдер болып табылатын жағдайда арнайы жобаланған компоненттер ретінде қаралады. Бұл жерде әңгіме компьютерлік жүйелердің жұмыс істеуі, әкімшіліктендірілуі, пайдаланылуы, жобалану немесе құқықтық мәселелері жөнінде болып отыр.
5А1 Жүйелер, жабдық және компоненттер
5А001 а. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие телекоммуникациялық жабдық:
1. Ядролық жарылыс кезінде туындайтын қысқа уақыттық немесе электр-магниттік импульстерден қорғау үшін арнайы әзірленген;
2. Гаммалық, нейтрондық немесе иондық сәулеленуге жоғары төзімділігі бар; немесе
218 К (-55oС)-тен 397 К (124oС)-ке дейінгі температуралы аралық шектерінде жұмыс істеу үшін арнайы әзірленген.
Ескерту: 5А001.а.3 тармақ тек электронды аппаратураға қолданылады.
Ескерту: 5А001.а.2 және 5А001.а.3 тармақтар спутниктердің борттық аппаратурасына қолданылмайды.
b. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие, телекоммуникациялық қабылдау-беру жүйелері мен аппаратура және арнайы әзірленген компоненттер мен тиісті жабдық:
1. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты байланысының жүйелері:
а. 20 Гц-ден 60 кГц-ке дейінгі интервал шектеріндегі жиіліктегі акустикалық;
b. 30 кГц-ден төмен жиіліктегі электр-магнитті пайдаланатындар; немесе
с. Сәулені электронды-сканирлеу әдістерін пайдаланушылар;
2. 1,5 МГц-ден 87,5 МГц-ге дейінгі жиіліктер диапазонында жұмыс істейтін, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие радиоаппаратура:
а. 15 децибел кедергі сигналын басуды қамтамасыз ететін адаптивті әдістерді қамтиды; немесе
b. Мынадай құрауыштары бар:
1. жиіліктердің мәнін және беруді оңтайландыруға арналған арнаға «цифрлық берудің жалпы жылдамдығын» автоматты болжайтын және таңдайтын; және
2. 1,5 МГц немесе одан жоғары диапазонда 1 кВт немесе одан артық шығу қуатымен бірақ 30 МГц-дан аз 250 Вт немесе одан жоғары шығу қуатымен 30 МГц немесе одан жоғары, бірақ 87,5 МГц-дан артық емес, бір октавада «өткізудің шекті бөлеуінен» жоғары немесе одан артық және шығуында 80 дБ-дан жақсы үйлестірмемен және бұрмалаулармен арақатынастағы көптеген сигналдарды бір мезгілде қолдауға қабілетті қондырылған қуатты сызықты күшейткіш;
3. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, «жиіліктердің секірмелі қайта реттелін» қоса алғанда, «спектрдің кеңею» әдісін пайдаланатын радиоаппаратура:
а. Пайдаланушы бағдарламалайтын кеңею коды; немесе
b. Жиіліктерді беру белдеуінің жиынтық ені кез келген бір ақпараттық арнаның белдеуінен 100 немесе одан әлденеше асатын және 50 кГц-ден астам құрауыштары бар:
Ескерту: 5А001.3.b тармақ бойынша азаматтық жиіліктерге арналған ұялы байланыстың жүйелерінде пайдаланылатын жабдық бақыланбайды.
Ескерту: 5А001.b.3. тармақ бойынша 1,0 Вт немесе одан кем шығу қуатымен жұмыс істейтін жабдық бақыланбайды.