7А101 Барлық төменде келтірілген сипаттамалары бар және олардың құрамдауыштары үшін арнайы белгіленген «реактивті снарядтарда» пайдаланатын инерциялы навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілерді бағыттау жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген 7А001-тармағында жазылғаннан басқа желілік жеделдету датчиктері:
а. «қайталанушылық» «ығысу» 1250 микро g аз (жақсы); және
b. «масштабты коэффициенттің» «қайталанушылығы» бір миллионға шаққанда 1250 үлестен аз (жақсы);
Ескертпе: 7А101-тармақ төменгі ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдануға арналған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізетін датчиктер ретінде арнайы құрастырылған және құрылған акселерометрлерді бақыламайды.
Техникалық ескертпелер.
1. 7А101-тармақта «реактивті снаряд» 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
2. 7А101-тармақта «ығысу» және «масштабты коэффициент» шамалары тіркелген калибрленген шамаға қатысты бір жыл ішіндегі кезең аралығында стандартты ауытқушылыққа (бір сигмаға) сәйкес келеді.
7A101 a. 9014 80 000 0
7A101 b. 8803 90 900 0
9032 89 000
(азаматтық авиациядан басқа)
9306 90
7А102 Гироскоптардың барлық түрлері, 7А002-тармақта қаралғаннан басқа «реактивті снарядтарда» пайдалануы мүмкін және 1 g ықпалы жағдайында өлшенген сағатына 0,5 - тен аз (1 сигма немесе ОКА) «дрейф жылдамдығы» «тұрақтылығы» бар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
Техникалық ескертпелер.
1. 7А102-тармақта «реактивті снаряд» 300 км қашықтықтағы зымыран жүйелерін және пилотсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
2. 7А102-тармақта «тұрақтылық» белгілі бір механизмнің қабілеттілік шарасы немесе тұрақты жұмыс жағдайларының (IEEE STD 528-2001, п. 2.247) ұзақ уақыт әсер етуі кезінде өзгеріссіз қалатын өнімділік коэффициенті ретінде белгіленеді.
7A102 9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)
8803 90 900 0
9306 90
7А103 7А003-тармақта қаралатыннан басқа аппаратура, навигациялық жабдық және жүйелер, төменде келтірілген және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
а. Серпінді немесе мынадай жабдықтарды қамтитын акселерометлерді немесе гироскоптарды және жүйелерді пайдаланатын басқа да жабдық:
1. 7A001.a.3., 7A001.b. немесе 7A101-тармақтарында сипатталған өлшегіштері немесе 7A002 немесе 7A102-тармақтарында сипатталған гироскоптар; немесе
2. 7А001.а.1 немесе 7А001.а.2 тармақтарында сипатталған және мынадай төмендегі сипаттамалары бар акселерометрлер:
а. «Инерциялылық навигациялық жүйелерде немесе барлық үлгілердің жүргізу жүйелерінде пайдалану үшін әзірленген және «реактивті снарядтарда» пайдаланылатын»;
b. «ығысудың» «қайталанушылығы» 1250 микро g кем (жақсы); және
с. «масштабты коэффициенттің» «қайталанушылығы» миллионнан 1250 үлеске кем (жақсы);
Ескертпе:
7А103.а-тармағы бойынша осындай акселерометрлер ұңғымаларды пайдалану уақытында қолдану үшін тағайындалған бұрғылау уақытында өлшемдерді өткізу үшін датчик ретінде арнайы әзірленген және құрастырылған болып қаралғанда 7А001-тармақ бойынша бақыланатын акселерометрлерді қамтитын жабдық бақыланбайды.
b. «Реактивті снарядтарда» қолдану үшін әзірленген және модификацияланған гиротұрақтандыру қондырғысын немесе автопилот жүйесін қоса алғандағы пилотажды аспаптардың кешенді жүйесі;
с. «Реактивті снарядтарда» қолдану үшін әзірленген немесе модификацияланған және тең ықтималдық шеңбердің 200 м немесе одан кем навигациялық дәлдігін қамтамасыз етуге қабілетті «навигацияның кешенді жүйесі»;
Техникалық ескертпе:
«Навигацияның кешенді жүйесі» әдетте мынадай құрамдауыштардан тұрады:
1. Инерциялық өлшеу қондырғысы (мысалы, бағдардың тірек немесе бас жүйесі, инерциялық модуль немесе инерциялық навигациялық жүйе);
2. Ұшу уақытында ереже және/немесе жылдамдық туралы деректерді, не кезең-кезеңімен, не ұшу уақытында үздіксіз (мысалы, спутниктік навигациялық қабылдағыш, радарлық биіктік өлшегіш және/немесе доплер радары) жаңарту үшін қолданылатын бірден бір сыртқы датчик; және
3. Ықпалдасқан аппараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз ету.
d. Ұшуды басқару және навигация жүйелерімен біріктіру үшін әзірленген және модификацияланған, мынадай сипаттамалары бар үш осьті магнитті курстық датчиктер және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар:
1. Тангаждың (± 90 градус) және креннің (± 180 градус) осьтеріндегі ішкі иілу компенсациясы;
2. Жергілікті магниттік өрісті ескере отырып ені ± 80 градус болғанда ОКА 0,5 градусынан жақсы (кем) азимут бойынша дәлдікті қамтамасыз ету қабілеті.
Ескертпе:
7А103.d тармағында көрсетілген ұшуды басқару жүйелері және навигациялық жүйелерге гиротұрақтандырғыштар, автоматтандырылған пилотаж жүйелері мен инерциялық навигациялық жүйелер кіреді.
Техникалық ескертпе:
7А103 тармағында «реактивті снаряд» зымыран жүйелерін және қашықтығы 300 шақырымнан асатын ұшқышсыз ұшу аппараттарын білдіреді.
7A103 a. 9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)
8803 90 900 0
9014 80 000 0
9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)
9306 90
7A103 b. 9014 20 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)
7A103 c. 8526 91 800 0 (азаматтық авиациядан басқа)
9014 20 800 (азаматтық авиациядан басқа)
9032 89 000 (азаматтық авиациядан басқа)
9306 90
7А104 Аспан денелерін немесе спутниктерді автоматты түрде бақылау арқылы орналасқан жерін немесе бағдарын айқындауды қамтамасыз ететін 7А004-тармақ бойынша бақыланатындардан басқа гироастрокомпастар мен басқа да қондырғылар және олар үшін арнайы әзірленген құрамдауыштар.
7A104 9014 80 000 0
7А105 Мынадай сипаттамалардың біріне ие және ол үшін арнайы әзірленген мынадай құрамдауыштар сияқты ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің қабылдау аппаратурасы (ҒНЖЖ, мысалы GPS, ГЛОНАСС немесе Галилео):
а. 9А004-тармақ бойынша бақыланатын ғарыш аппараттарында, 9А012-тармақ бойынша бақыланатын пилотсыз ұшу аппараттарында немесе 9А104-тармақ бойынша бақыланатын зымыран-зондтарда қолдану үшін әзірленген және модификацияланған; немесе
b. Әуеде қолдану үшін әзірленген және модификацияланған мынадай сипаттамалардың кез келгені бар:
1. 600 м/с жоғары жылдамдық кезінде навигациялық ақпаратты қабылдауды қамтамасыз ететін;
2. ҒНЖЖ-мен қорғалған сигналдарға/деректерге рұқсат алу үшін, әскери және үкіметтік мақсат үшін әзірленген немесе модификацияланған шифрлауды қолданылатын; немесе