1Е Технология
1Е101 «Технологиялар» 1A102, 1B001, 1B101, 1B102, 1B115 - 1B119, 1C001, 1C101, 1C107, 1C111 - 1C118, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын тауарларды «пайдалану» үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.
1Е001
1Е002 Мыналар секілді басқа «технологиялар»:
а. Полибензотиалдарды немесе полибензоксалдар «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған технологиялар;
b. Кем дегенде бір венильэфирлі мономер бар фторлы эластомерлі қосылыстарды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған технологиялар;
с. Мынадай базалық материалдарды немесе композициялық емес материалдарды жобалауға немесе «өндіруге» арналған технологиялар:
1. Барлық төменде санамаланғандарға ие базалық материалдар:
а. Мынадай құрылымдардың кез келгені:
1. Цирконийдің қарапайым немесе күрделі қышқылдары және кремнийдің немесе алюминидің күрделі қышқылдары;
2. Бордың күрделі нитраттары (кубтық кристалды керамикалық торы бар);
3. Кремнийдің немесе бордың қарапайым немесе күрделі карбидтері;
4. Кремнийдің қарапайым немесе күрделі нитриттері;
b. Әдейі енгізілген мынадай аспайтын сандағы толықтырмаларды қоспағанда жиынтық металл қоспалары:
1. қарапайым қышқылдар немесе карбидтер үшін миллионға 1000 бөлшек; немесе
2. Күрделі қосылыстар немесе қарапайым нитридтер үшін миллионға 5000 бөлшек; және
с. Мынадай болып табылатындар:
5. Бөлшектері орташа мөлшерлі, 1 мкм-ға тең немесе кіші және 5 мкм-дан асатын мөлшерлі бөлшектері 10%-тен аспайтын цирконийлар;
6. Бөлшектері орташа мөлшерлі, 5 мкм-ға тең немесе кіші және 10 мкм-дан асатын мөлшерлі бөлшектері 10%-тен аспайтын басқа базалық материалдар; немесе
3. Барлық мынадай сипаттамаларға ие:
а. ұзындығының қалыңдығына қатынасы 5 мәнінен асатын қорғаныштық пластинкалары;
b. ұзындығының диаметріне қатынасы біліктердің диаметрі үшін 2 мкм-нен кем 10 мәнінен асатын қысқа өзектер («мұрттар»); және
с. 10 мкм-нен аз диаметрлі ұзын немесе кесілген талшықтар;
2. 1Е002.С. тармақта көрсетілген материалдарына дайындалған композициялық немесе керамикалық материалдар;
Ескертпе: 1Е002.С.2 тармақ бойынша образивті материалдарды әзірлеу және өндіру «технологиялары» бақыланбайды;
d. Хош иісті полиамидті талшықтарды өндіруге арналған технологиялар;
е. 1С001 тармақ бойынша бақыланатын материалдар жинауға немесе қалпына келтіруге арналған технологиялар;
f. 1А002, 1С007.c немесе 1С007.d тармақтар бойынша бақыланатын композициялық материалдарды, қабатты құрылымдарды немесе материалдарды қалпына келтіруге арналған «технологиялар»;
Ескертпе: 1E002.f тармақ бойынша азаматтық ұшу аппараттарының құрылымдарын жөндеуге арналған құрылымдарын көміртегі талшықтарын немесе жіп тәрізді материалдарды және авиациялық бұйымдарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды эпоксидтерді қарамай да пайдаланатын технологиялар;
1Е002
1А102, 1В001, 1В101, 1В102, 1В115-тен бастап, 1В119, 1С001, 1С101, 1С107-ді қоса алғанда, 1С111 бастап 1С117, 1D101 немесе 1D103-ті қоса алғандағы тармақтарда айқындаған өнімді «пайдалану» үшін технологиялық ескертпелерге сәйкес «технологиялар».
1E101
1Е102 «Технологиялар» 1D001, 1D101 немесе 1D103-тармақтарға сәйкес бақылауға жататын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу» үшін жалпы технологиялық ескертуге сәйкес.
1Е102
1Е103 «композициялық материалдарды» немесе ішінара өңделген «композициялық материалдарды» «өндіру» кезінде автоклавтардағы немесе гидроклавтардағы температураны, қысымды немесе атмосфераны реттеуге арналған «Технологиялар».
1Е103
1E104 «Технологиялар» құрамында 1,573 К (1,300 С)-ден 3,173 К (2,900 С)-ге дейін температура диапазонында және 130 Ра-дан 20 кРа-ға дейін қысым кезінде ыдырайтын заттары бар қалыпқа, ілдірікке немесе газ ағынының өзге төсеміне беру арқылы пиролит тәсілімен материалдарды «өндіруге» байланысты.
Ескертпе. 1Е104-тармағы белгілі бір ағын жылдамдығы бар қажетті құрамдағы газ ортасын алу «технологиясын», технологиялық дәйектілікті және процесті реттеу өлшемдерін қамтиды.
1E104
1E201 1А225 бастап 1А227, 1В201-ді қоса алғанда, 1В225 бастап В233, 1С002.а.2 немесе d., 1C010.b., 1С202, 1С210, 1С216-ны қоса алғанда, 1С225 бастап 1С240 немесе D201 қоса алғанда 1А002, 1А202 тармақтарында айқындалған өнімдерді «пайдалану» үшін технологиялық ескертпелерге сәйкес «технологиялар».
1Е201
1Е202 1А225 бастап 1А227 қоса алғанда немесе 1А202-де айқындалған өнімді «әзірлеуге» немесе өндіруге арналған жалпы «технологиялық» ескертпеге сәйкес «технологиялар».
1E202
1Е203 1D201 айқындалған «Бағдарламалық қамтамасыз етуге» немесе өндіруге арналған жалпы «технологиялық» ескертпеге сәйкес технологиялар.
1Е203
1Е301. 1С354 бөлігінде көрсетілген аурулар (патогендерді) қоздырғыштарын әзірлеу немесе өндіру технологиясы.
ҚР Үкіметінің 2013.18.06. № 618 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1372 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-санат өзгертілді
2-Санат
Материалдарды өңдеу
2А Жүйелер, жабдық және компоненттер
Ерекше ескертпе: Материалдардың Әскери тізімде сипатталған аз шу шығаратын подшипниктер.
2А001 Мыналар секілді антифрикционды немесе подшипниктер жүйесі және олардың компоненттері;
2А101 ISO 492 сәйкес 2-рұқсат сыныбы белгіленетін, барлық рұқсаттары бар, 2А001 көрсетілгендерден ерекшеленетін шарикті подшипниктер (немесе ABEC-9 рұқсат сыныбының ANSI/ABMA Std 20 немесе өзге де ұлттық баламалар) немесе жақсысы және барлық мынадай сипаттамалары бар:
a. Саңылау диаметрі 12 және 50 мм ішкі сақина;
b. Саңылау диаметрі 25 және 100 мм сыртқы сақина; және
c. Ені 10 және 20 мм арасында.
Ескертпе: 2А001 тармақ бесінші сынып немесе одан төмен сынып бойынша ІSО-90 халықаралық стандартына сәйкес өндіруші белгілейтін рұқсат етулермен подшипниктерге шариктер бақыланбайды;
а. 4-Сыныпты рұқсат етілген немесе одан жақсы сыныптағы ISO 492 стандартына (немесе оның ұлттық баламына сәйкес) өндіруші белгілейтін рұқсаты бар және мыс-никель құймасынан немесе берилийден жасалған сақиналы шариктері немесе роликтері бар (ISO 5593) шарикті және қатты роликті подшипниктер;
Ескертпе: 2А001.а тармақ коникалық роликтік подшипниктерді бақыламайды;
b. АВЕС 9, АВЕС 9Р немесе 2 - немесе одан жақсы сынып бойынша ISO стандартына (немесе оның ұлттық баламына сәйкес) өндіруші белгілейтін рұқсаты бар және басқа шарикті және қатты роликті подшипниктер;
Ескертпе: 2А001.б тармақ коникалық роликтік подшипниктерді бақыламайды;
с. Мынадай құраушылардың кез келгені бар белсенді магнитті подшипникті жүйелер:
1. Магнит индукциясы 2Т немесе одан немесе одан үлкен және икемділік шегі 414 Мпа үлкен материалдар;
2. үш өлшемді миниполярлы жоғары жиілікті магниттелетін жетек үшін жарақталған электр магнитті құрылғы;
немесе
3. Температурасы 450 К (177 С) және одан жоғары температуралы позициялық бергіштер;
2А225 Мыналар секілді сұйық актинидті металдардың әсерінен төзімді материалдардан жасалған тиглдер;
а. Мынадай екі сипаттамадағы тиглдер:
1. Көлемі 150 мл-ден 8л-ге дейін, және
2. Мынадай материалдардан жасалған, салмағы бойынша 98% немесе одан астам тазалықтағы, немесе олармен беттелген:
а). Кальций фториді (Са 2);
b). Кальций цирконаты (метацирконат) (Са2Zr3);
с). Церия сульфиді (Се2S3);
d). Эрбия оксиді (Еr2O3);
е). Гафний оксиді (НFO2);
і). Магний оксиді (МgO);
g). Ниобий, титан, вольфрам құймаларының нитриді (шамамен 50% Nb, 20% Ті, 20%W)
h). Итрий оксиді (Ү203);
і). Цирконий оксиді (ZrO2);
b. Мынадай екі сипаттамаға ие тиглдер:
1. Көлемі 50 мл-ден 2 л-ге дейін, және
2. Тазалық салмағы бойынша 99,9% немесе одан жоғары танталдан дайындалған немесе қорғалынған;
с. Барлық мынадай сипаттамаларға ие тиглдер:
1. Көлемі 50 мл-ден 2л-ге дейін
2. Тазалық салмағы бойынша 99,8% немесе одан жоғары танталдан дайындалған немесе қорғалынған
3. Карбидтен, нитриттен, танталдың боридомымен бүркелген (немесе олардың кез келген үлесімі);
2А226 Мынадай екі сипаттамаға ие екі клапандар:
а. Диаметрі шартты өтуі бойынша кемінде 5 м-нен;
b. Сильфонды тығыздағыш, және
с. Кемінде 60% никель бар немесе олармен бүркелінген, қолмен де, сондай-ақ автоматты түрде басқарылынатын толықтай алюминийден, алюминий құймасынан, никельден немесе оның құймасынан дайындалған;
Техникалық ескертпе:
Түрлі кіру және шығу диаметріндегі клапон үшін 2А226-да көрсетілген шартты өту параметрі ең аз диаметрге жатады;
2В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
Техникалық ескертпе:
1. Қайталама параллельді көлбеу осьтер (мысалы, фрезадағы w- ось көлбеу егеу немесе қайталама айналу осі, орталық сызық ол айналудың бастапқы осіне параллель) көлбеу осьтердің жалпы санына кірмейді. Айналу осі 360 үлкен бұрышқа бұрылуды көздеуі міндетті емес. Айналу осі сызықтық қозғалу құрылғысымен басқарылына алады (мысалы, винтті тісті рейкамен).
2. 2В үшін, «контурлық басқару» үшін бір мезгілде үйлестірілген осьтердің саны - бұл станок пен деталь, өңделетін детальдің бетінен материалды кесетін немесе жоятын жапсарланған кескіш немесе қырнағыш дөңгелек арасындағы салыстырмалы қозғалысқа әсер ететін осьтердің саны. Станоктің ішіндегі салыстырмалы қозғалысқа әсер ете алатын қосымша осьтер пайдаланылмайды. Мұндай осьтер мыналарды қамтиды:
а. Қырнау станогының қырнау дөңгелегін дұрыстау жүйесі;
b. Жеке-жеке бірнеше детальді орнатуға арналған параллель айналу осьтері.
с. Детальді, оның екі ұшынан қысқышқа қысып, манипуляциялауға арналған коллинеарлық айналу осьтері.
3. Осьтердің номенклатурасы «Сандық бағдарламалық басқарылатын станоктар. Қозғалыстың осьтері мен түрлерінің номенклатурасы» ISO 841 стандартымен айқындалады.
4. 2В001-ден 2В009-ға дейінгі санаттар үшін «еңкейген шпиндельдер» айналу осі ретінде қаралады;
5. Станоктардың әрбір моделі үшін сынақтардың жеке протоколының орнына ISO 230/2 (1988) халықаралық стандартына немесе оның ұлттық баламдарына сәйкес келетін сынақтардың келісілген рәсімдерін пайдаланатын позициялаудың дәлдігінің кепілдік берілген деңгейлерін қолдануы мүмкін. Позициялаудың кепілдік берген дәлдігі экспорттау станоктың осы моделінің дәлдігінің кепілі болып танылғанда тиісті ведомство мәлімдейтін дәлдіктің деңгейін білдіреді.
Кепілдік берілген деңгейде айқындау:
а. Тест жүргізілетін модельдің бес станогын таңдап алу;
b. ISO 230/2 (1988) стандартына сәйкес сызықтық осьтердің дәлдігін өлшеу;
с. Әрбір ось үшін А мәнін айқындау А мәнін есептеудің әдісі ISO стандартында сипатталған;
d. Әрбір ось А-ның орташа мәнін айқындау. Бұл осы модельдің (Ах, Ау...) әрбір осі үшін кепілдік берілетін мәні болады дегенді білдіреді;
е. Екі санаттың тізімі әрбір оське қатысты болғандықтан кепілдік берілетін мәндердің сызықтық осьтердің санына сәйкес келуі тиіс;
f. Егер 2В001.а бастап 2В001.С-ге дейінгі немесе 2В201 тармақтар бойынша бақыланбайтын қандай да болмасын осьтің 6 мкм немесе тазарту станоктары үшін одан жақсы немесе фризерлік немесе токарлық станоктар үшін 8 мкм немесе одан жақсы кепілдік беретін дәлдігі болса, өндіруші дәлдіктің деңгейін 18 айда аттестациялау керек;
2В001 Дайындаушының техникалық ерекшеліктерге сәйкес «сандық басқармалық басқарудың» электрондық құрылғылармен жарақталуы мүмкін металдарды, керамикаларды, «композициялық материалдарды» өңдеуге немесе кесуге арналған төменде келтірілген станоктар олардың кез келгені үйлесімдері
Айрықша ескертпе: сондай-ақ 2В201 қараңыз.
1 Ескертпе: 2В001 тармағы тісті дөңгелектер шығару үшін арнайы әзірленген металл кесетін станоктарды бақылауға алмайды. Осындай станоктар бойынша 2В003 қараңыз.
2 ескертпе: 2В001 тармағы мынадай детальдар мен олардың бөлшектерін шығару үшін арнайы әзірленген металл кесетін станоктарды бақылауға алмайды:
а. Қисықшип білігі мен эксцентрик білігі;
b. Станоктар мен фрезлар;
с. Экструдер шнегі (престейтін шнек);
d. Зергерлік бұйымдардың қырналған немесе қырланған детальдары.
3 ескертпе: Кемінде мынадай екі немесе үш мүмкіндіктері бар металл кесетін станоктар: қайрау, жоңқалап кесу немесе жонып тегістеу (мысалға, жоңқалап кесу мүмкіндіктері бар токарлық станок 2В001.а., .b. немесе .с. тізімі бойынша бағаланады.
а. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие детальдарды қайрауға арналған металл кесетін станоктар:
1. ISO 230/2 (1988) халықаралық стандартына немесе оның ұлттық баламдарына сәйкес кез келген сызықтық осьтің бойында позицияның жалпы таңдалуы 6 мкм кем (жақсы) бүкіл қолжетімді өтемімен позициялаудың дәлдігі; және
2. «Контурлық басқару үшін» бір мезгілде үйлестірілуі мүмкін екі немесе одан көп осьтер;
Ескертпе: 2В001.а тармақ контактілік линзаларды өндіру үшін арнайы әзірленген токорлық станоктарды бақыламайды;
b. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие фрезерлік станоктар:
1. а. ISO 230/2 (1988) 1 халықаралық стандартына немесе оның ұлттық баламдарына сәйкес кез келген сызықтық осьтің бойында позицияның жалпы таңдалуы 6 мкм кем (жақсы) бүкіл қолжетімді өтемімен позициялаудың дәлдігі; және
b. Үш сызықтық ось оған бір айналу осі қосылған, олар «контурлық басқару үшін» бір мезгілде үйілуі мүмкін;
2. Бес немесе одан көп ось, олар контурлық басқаруы үшін бір мезгілде үйілуі мүмкін; немесе
3. ISO 230/2 (1988) 1 халықаралық стандартына немесе оның ұлттық баламасына сәйкес кез келген сызықтық осьтің бойында (толық позициялау) 4 мкм-нен (кем жақсы) бүкіл қолжетімді өтемімен көшіру - егеу станоктары үшін позициялаудың дәлдігі;
4. Мынадай сипаттардың кез келгеніне ие ұшқыш кескіштер:
а. Шпиндельдің қарқыны бойынша қозғалыс немесе толық ішкі көріністің (ТІR) 0,0004 мм кем (жақсы) жұдырықшалар жүйесі; және
b. Сырғымалы қозғалыстың бұрыштық ауытқуы (көлбеу кеңістіктегі бұрылыс; тік ось айналасындағы бұрылыс, қадам мен айналыстың өзгеруі) доғаның 2 секундына қарағанда кем (жақсы), толық ішкі көрініс (ТІR) жүріс ұзындығының 300 мм-нен артық болуы.
с. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие қырнау станоктары:
1. Мынадай:
а. ISO 230/2 (1988) 1 халықаралық стандартына немесе оның ұлттық баламасына сәйкес кез келген сызықтық осьтің бойында (толық позициялау) 4 мкм-нен (кем жақсы) бүкіл қолжетімді өтемімен көшіру - егеу станоктары үшін позициялаудың дәлдігі;
b. Үш немесе одан көп ось, олар «контурлық басқаруы» үшін бір мезгілде үйілуі мүмкін; немесе
2. Үш немесе одан көп ось, олар «контурлық басқаруы» үшін бір мезгілде үйілуі мүмкін;
Ескертпе: 2В001.С тармағы мынадай қырнау станоктарын бақыламайды:
1. Мынадай сипаттамалардың бәріне ие цилиндрлі сыртқы, ішкі қырнау станоктары:
а. Цилиндрлік қырнаумен шектелген; және
b. Бұйымның ең жоғары мүмкін ұзындығы немесе диаметрі 150 мм;