«Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 23 тамыздағы № 325 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучерлерді беру, қаржыландыру және Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидалары:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) үміткер - жұмыссыз ретінде тіркелген адам.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мансап орталығы кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өтуге ниет білдірген үміткерге Кәсіптер тізіліміне сәйкес кәсіпті және мәліметтері Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылған тану орталығын таңдауда консультациялық көмек көрсетеді.
Біржолғы ваучерді алу үшін үміткер ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін ҰБЖ цифрлық платформасындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы ваучер алуға электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған біржолғы ваучер алуға өтініш береді және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 35-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес білімі туралы және еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін өтінішке қоса береді.