Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 337 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Шоттардың бірыңғай жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1195 бұйрығы;
2) «Шоттардың бірыңғай жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң міндетін атқарушының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1195 бұйрығына өзгерістертер мен толықтырулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығы.