«Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 100 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 480 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16878 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау» ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.