«Нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығы

Нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығы

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында қызметін жүзеге асыратын нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес трансшекаралық тауар нарықтарында қызметін жүзеге асыратын нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.