Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 28 шілдедегі № 237 бұйрығы
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесі бекітілсін.
2. «Кірме жолдар қызметтеріне кіретін операциялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 287-I бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін;