«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 188 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 46 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабы 15) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 188 қаулысына (2016 жылғы 04 тамызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3845 болып тіркелді) өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |