Павлодар облысының әкімдігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 258/5 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.24.10. № 322/5 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды; Павлодар облыстық әкімдігінің 2019.04.04. № 84/2 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 138/5 қаулысымен
бекітілді
«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.04.04. берілген өзгерістермен)
1. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру туралы бұйрықтың көшірмесі (бұдан әрі - бұйрық көшірмесі) немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау