«Химия-токсикологиялық сараптама» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 5-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2024 жылғы 23 қаңтардағы

№ 60 бұйрығына

5-қосымша

 

 

«Химия-токсикологиялық сараптама»

 кәсіптік стандарты


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Химия-токсикологиялық сараптама/зерттеу» кәсіптік стандарты әзірленді, ол химия-токсикологиялық сараптама/зерттеуді жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификациялау, ескертуші және түзетуші әрекеттерді жүргізудің куәлігін ұсыну мен қадағалауды ресімдеу үшін;

4) химия-токсикологиялық сараптаманың объектілері - мәйіт табылған кезде оқиға орнынан алынған, өлімнің немесе уланудың себебі болуы мүмкін биологиялық сұйықтықтар (қан, зәр), мәйіттің ішкі органдары, құсу массалары, жуынды сулар, қолдың және ауыз қуысының шайындылары және биологиялық емес сипаттағы өзге де объектілер;

5) химия-токсикологиялық сараптаманың мәні - өлімнің себебін анықтау үшін токсикологиялық маңызды заттарды сәйкестендіру және мөлшерлік айқындау.

3. Осы кәсіптк стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

БА - Біліктілік анықтамалығы;

СБШ - Салалық біліктілік шеңбері;

ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.

 

 

2-тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты

 

4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Химия-токсикологиялық сараптама».

5. Кәсіптік стандарт коды: О84230.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.