Астана, Ақорда, 2017 жылғы сәуірдің 5-і.
№ 456
Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 5 сәуірдегі
№ 456 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережесінде:
3-тармақта «облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары мүшелеріне» деген сөздер алып тасталсын.
2. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген бөлімде:
«А» корпусында:
1-санат пен 2-санат мынадай редакцияда жазылсын:
«1-санат
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.