«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 22 шілдедегі № 350 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
221), 222), 223), 224), 225) және 225-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«221) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментi туралы ереже осы бұйрықтың 221-қосымшасына сәйкес;
222) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже осы бұйрықтың 222-қосымшасына сәйкес;
223) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже осы бұйрықтың 223-қосымшасына сәйкес;
224) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже осы бұйрықтың 224-қосымшасына сәйкес;