«Климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 170 бұйрығы (күші жойылды)

Климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 170 бұйрығы

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 172 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 314-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

 

М. Мирзагалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

2021 жылғы 2 маусымдағы

№ 170 Бұйрығымен

бекітілген

 

 

Климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ұйымдастыру және іске асыру

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.