ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЕМЛЕСІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
ІІ. Түбір сөздердің емлесі. Қосымшалардың жалғануы
ІІІ. Бөлек жазылатын сөздердің емлесі
IV. Бірге жазылатын сөздердің емлесі
V. Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі
VІ. Бас әріптің емлесі. Қосымшалардың жалғануы
VІІ. Қысқарған сөздердің емлесі
VIIІ. Кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі
«Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы 26 қазандағы № 569 Жарлығына сәйкес бекітілген жаңа әліпби бойынша әзірленді.
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері (Ереже) - латын графикасындағы қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. Сонымен қатар латыннегізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып саналады. Ережеде алдымен ұлттық тілдің жазу-сызумен байланысты:
тілдің жалғамалылығы;
тілдің ықшамдалуы;
тіл дыбыстарының үндестігі;
дауыссыздардың бір-бірімен үйлесімділігі, т.б. негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.
Ереженің негізгі ұстанымы үшін фонематикалық принцип басшылыққа алынды. Сонымен қатар қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы көне және кірме тілдік қабаттардың кейбір түрлерінің емлесіне қатысты дәстүрлі және фонетикалық, ал төл сөздердің күрделі түрлері үшін морфологиялық принцип те қолданылды.
Ережеде:
латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының мәнін білдіретін әріптердің үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді;
сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жалғану үлгісі берілді;
қосар дыбыстарды (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріптерімен) таңбалаудың үлгісі ұсынылды;