«2025-2029 жылдарға арналған Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 240/29 шешімі

2025-2029 жылдарға арналған Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 240/29 шешімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2025-2029 жылдарға арналған Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

Н. Макраев

 

Екібастұз қалалық мәслихатының

2025 жылғы 24 сәуірдегі

№ 240/29 шешіміне

қосымша

 

 

2025-2029 жылдарға арналған Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

 

Осы жоспар Екібастұз қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған (бұдан әрі-Жоспар) «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан мәслихаты Республикасының Заңына, «Үлгілік жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді, «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының бұйрығымен - «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің жол берілетін шекті нормасын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.

Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.