«Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 112 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2009 жылы № 10 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

С. Омаров

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2020 жылғы 3 сәуірдегі

№ 112 бұйрығына

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.