«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 265 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27415 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«2) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық кеңістіктік деректер қорының картографиялық материалдарына сәйкестігі;»;
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Электрондық нысандағы оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге қойылатын талаптар осы Талаптардың 1-20-тарауларымен қатар қосымша мынадай ережелерді қамтиды:
1) түсінікті (қисынды) интерфейстің қолданылуы;
2) кері байланыс және бақылау құралдарының қолданылуы;
3) навигациялық кеңестердің болуы;
4) мультимедиялық контенттің және интерактивті тапсырмалардың болуы;
5) негізгі тақырыптар, ұғымдар мен терминдерді түсіндірмелермен сөздіктерге бағыттайтын гиперсілтемелермен қамтамасыз етілуі;
6) ақпараттың айналдырылатын HTML бетте вертикальді бағытта баяндалуы;