«Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 335 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1.«Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9554 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Облыстың (қаланың, ауданның) қысқаша географиялық және экономикалық сипаттамасы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде жүргізілетін іс-шаралар»;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шаралар
14. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шараларға мынадай қосымшалар әзірленеді: