(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БҰРЫНҒЫ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНДАРЫ АУМАҚТАРЫНДАҒЫ ЖӘ...

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2020 жылғы 1 сәуірдегі

№ 123 бұйрығына

8-қосымша

 

Осы редакция 2024 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы және жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде ластанған басқа да аумақтардағы қызметке лицензия беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

(2023.20.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2022.01.02. № 35 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтарда қызметтерді жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бiрыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.