«Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 547 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) төтенше жағдайды жариялаған кезде жүргізіледі.