«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 306 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 14 мамырдағы № 306 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20380 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен (немесе) көлік құралдардың есебін жүргізу тәртібі, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген сақтауда тұрған тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік операциялар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген бажсыз сауда дүкендеріне түскен тауарлар мен оларды өткізу туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен, сондай-ақ осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлармен жүргізілген операциялар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.