Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығы
(2025.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің 2024.25.11. № 415 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 13 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2021.06.01. № 1 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.25.11. № 415 бұйрығымен (2024 ж. 13 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.22.07. № 281-н/қ бұйрығымен (2025 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы 5-тармағына, «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 287) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;