«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 25 бұйрығы (күші жойылды)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 25 бұйрығы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-ІV Заңының 5-1-бабының 9 тармақшасын, 7-бабының 2-тармағын, 29-бабының 3-7 тармақшаларын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Сыбайлас жемкорлыққа қарсы қызметіндегі кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістерін анықтау;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі қызметкерлердің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшартын;

4) осы бұйрықгың 4-қосымшасына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.