Өскемен қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 52/2-VI шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/389-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6427 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаланың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2020 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 81 720 846 мың теңге:
салықтық түсімдер - 33 318 371 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 253 350 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 060 377 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 42 088 748 мың теңге;
2) шығындар - 75 496 969 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 465 500 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 465 500 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 5 758 377 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -5 758 377 мың теңге;
1) корпоративтік табыс салығы - 100 %;
2) төлем көзінен салынатын, кірістерден ұсталатын жеке табыс салығы - 34,5 %;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 5 758 377 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0.