(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ Т...

Осы редакция 2016 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 29 шілдедегі

№ 219 қаулысымен

бекітілген

 

 

 «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқасы (бұдан әрі - телнұсқа).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

4. «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 тіркелген) бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 - қосымшасына сәйкес өтінішті көрсетілген қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.