(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОРМАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛ...

Осы редакция 2016 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

міндетін атқарушы

2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 18-02/163 бұйрығына

3-қосымша

 

 

Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Мемлекеттiк орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау мен пайдалану және ормандарды молықтыру ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.

3. Ормандардың мемлекеттік мониторингiн жүргiзудi осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырады.

 

 

2. Ормандардың мемлекеттiк мониторингiн жүргізу тәртiбi

 

4. Мемлекеттік орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін ведомстволық тиесілігі бойынша орман қорында болған өзгерiстер туралы мәлiметтердi орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі - Аумақтық бөлімшелер) және орман шаруашылығымен айналысатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - Құрылымдық бөлімше) бередi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.