«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V Заңы (2026.07.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

6) тексерудің түрі;

7) тексерудің нысанасы;

8) тексеруді жүргізу мерзімі;

9) тексеруді жүргізудің негіздері;

10) тексерілетін кезең;

11) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен міндеттері;

12) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген лауазымды адамның қолтаңбасы;

13) бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңба.

3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) не оның уəкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген тексеруді тағайындау туралы акт мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - қорытындыда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;

2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген құрылғыларға, жедел хабар алмасу сервистеріне, электрондық поштамен жіберілген жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ресми өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын мекенжайына жіберген күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған бақылау жəне қадағалау органының тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.

4. Тексеруді тағайындау туралы акт қолма-қол табыс етілген кезде қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады.

Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға жəне тексерудің күшін жоюға негіз болмайды.

5. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау жəне қадағалау органы лауазымды адамдарының тексеру субъектісіне (объектісіне), тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға, жабдыққа қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

6. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (лауазымды адамдар) ғана тексеруді жүргізе алады.

Бұл ретте тексеруді жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау жəне қадағалау органының шешімімен өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) ауыстырудың себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабардар етіледі.

7. Тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ тексеру нысанасы ескеріле отырып белгіленеді жəне:

1) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезінде қатердің жоғары дəрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) үшін - жиырма жұмыс күнінен, қатердің орташа жəне төмен дəрежелеріне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) үшін - он бес жұмыс күнінен;

2) жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.

8. Бақылау жəне қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) арнаулы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ жұмыс көлемінің едəуір болуына байланысты тексеруді жүргізу мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.

Тексеруді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі жəне ұзарту себебі көрсетіледі.

9. Бақылау жəне қадағалау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеруді:

1) мерзімі отыз жұмыс күнінен асатын арнаулы зерттеулер, сынақтар мен сараптамалар жүргізілген жағдайда (қорытынды алынғанға дейін);

2) үшінші тұлғалардан мерзімі отыз жұмыс күнінен асатын мəліметтер мен құжаттарды алу қажет болған кезде (оларды алғанға дейін);

3) тексеруді жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш мəн-жайлары туындаған кезде;

4) өзіне қатысты тексеру жүргізілетін субъектінің орналасқан жері анықталмаған жағдайда бір рет қана тоқтата тұруы мүмкін.

Тексеруді тоқтата тұру тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеруді тоқтата тұру туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі жəне тоқтата тұру себебі көрсетіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, тексеруді тоқтата тұру үшін негіздер тоқтатылғаннан кейін тексеру тоқтатыла тұрған мерзімінен бастап қайта басталады.

Тексеруді қайта бастау тексеруді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеруді қайта бастау туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді қайта бастау күні көрсетіледі.

Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген тексеруді тоқтата тұру туралы акт жəне тексеруді қайта бастау туралы акт мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - хабарламада алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;

2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген құрылғыларға, жедел хабар алмасу сервистеріне, электрондық поштамен жіберілген жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ресми өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын мекенжайына жіберген күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

10. Бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамы (лауазымды адамдары) тексеру нəтижелері бойынша тексеру нəтижелері туралы акт жəне бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде əкімшілік іс жүргізуді қозғауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің жасалған күні мен орны;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеруді тағайындау туралы актінің (олар болған кезде тексеру мерзімін ұзарту, тексеруді тоқтата тұру туралы қосымша актілердің) күні мен нөмірі;

4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

5) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның орналасқан жері немесе бақылау мен қадағалау субъектісінің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;

6) тексеруді жүргізу кезеңі;

7) тексерудің түрі;

8) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мəліметтер;

9) тексеру нəтижелері туралы актімен танысу немесе танысудан бас тарту, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мəліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;

10) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы.

Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нəтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

12. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:

1) нұсқаманың жасалған күні мен орны;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

4) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері немесе өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы (болған кезде);

5) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;

6) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;

7) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулар жəне оларды жою мерзімдері;

8) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уəкілетті адамының нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мəліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазбасы;

9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) қолтаңбасы.

Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары жəне тексеру нəтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (зақымдалған жабдықты, регистрограмманы, осциллограмманы қарап тексеру актісі, техникалық бақылау құралдарының, байқау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының жазбалары, жедел журналдардан үзінді-көшірмелер, түсініктеме жазбалар, схемалар, сызбалар, фото-, аудио-жəне бейнематериалдар, сауалнама парақтары мен басқа да материалдар) бар болса, олар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса беріледі.

13. Тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нəтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын уəкілетті орган бекітеді.

14. Тексеру нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.

Бақылау жəне қадағалау органы тексеру нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші даналарын үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырады, тексеру нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші даналарын қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) не оның уəкілетті адамына танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жəне басқа да əрекеттер жасау үшін табыс етеді, үшінші даналары бақылау жəне қадағалау органында қалады.

Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген тексеру нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол - тексеру нəтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;

2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген құрылғыларға, жедел хабар алмасу сервистеріне, электрондық поштамен жіберілген жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ресми өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын мекенжайына жіберген күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

15. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеруді тағайындау туралы актіде (тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша акт болған кезде, сонда) көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірмей тексеру нəтижелері туралы актіні табыс еткен күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

16. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) не оның уəкілетті адамы оларды жазбаша түрде баяндап, өзіне тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бақылау жəне қадағалау органына жібереді.

Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі қойылады.

17. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып айқындалады жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, кемінде бес жұмыс күнін құрайды.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:

1) бақылау мен қадағалау субъектісінде (объектісінде) бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық жəне қаржылық мүмкіндіктердің болуы;

2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;

3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 жəне 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісімдерді жəне басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.

18. Бақылау мен қадағалау субъектісі қосымша уақыт жəне (немесе) қаржы шығыны қажет болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама өзіне табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді жүргізген бақылау жəне қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, оларды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды жəне оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.

Тексеруді жүргізген бақылау жəне қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде баяндалған дəлелдерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту жəне анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдері көрсетілген, оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы немесе ұзартудан уəжді негіздемемен бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде бақылау жəне қадағалау органына жою мерзімі басталған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат береді.

Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.

Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын уəкілетті орган бекітеді.

19. Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексеруді жүргізген бақылау жəне қадағалау органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзім ішінде беруге міндетті.

20. Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе толық ұсынбаған жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттілігі туралы сұрау салуды жібереді.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат белгіленген мерзімде ұсынылмаған немесе толық ұсынылмаған жағдайда, бақылау жəне қадағалау органы нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.

21. Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда, тексеруді жүргізген бақылау жəне қадағалау органына бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

22. Бақылау мен қадағалау субъектісі тексеру қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасай алады.

Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тексеру нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтінішін жоғары тұрған мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексеру нəтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін ішінара не толық көлемде жоюға негіз болады.

Толық көлемде жарамсыз деп танылған тексеру нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген талаптарды бұзуының дəлелі бола алмайды.

23. Тексеру жүргізу қажеттілігі кəсіпорын жұмыскерлерінің жəне халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін бұзушылықтарды дереу жоюды талап еткен жағдайда, тікелей жасалу кезінде бұзушылықтардың жолын кесу жəне дəлелдемелердi бекіту үшін кезек күттірмейтін əрекеттер жасау қажет болған кезде тексерулер жұмыстан тыс уақытта (тəуліктің түнгi уақытында, демалыс немесе мереке күндерінде) жүргізілуi мүмкін.

Жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу жөніндегі шешім бақылау жəне қадағалау органының бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

Жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын уəкілетті орган бекітеді.

24. Егер тексеруді жүргізу нəтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталатын болса, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

 

2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 7-8-баппен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

7-8-бап. Бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері

1. Бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуі кезінде:

1) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруге;

2) мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде алуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) қолжетімділік алуға;

3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

4) регистрограмманы, осциллограмманы, техникалық бақылау құралдарының, байқау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының жазбаларын, жедел журналдардан үзінді-көшірмелерді, түсініктеме жазбаларды, схемаларды, сызбаларды, фото-, аудио- жəне бейнематериалдарды, сауалнама парақтарын жəне мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жататын басқа да материалдарды пайдалануға;

5) түсініктеме алу үшін бақылау мен қадағалау субъектісін шақыртуға;

6) ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын, сондай-ақ лауазымды адамдарын тартуға;

7) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінуге жəне олар туралы істерді сот қараған кезде қатысуға құқығы бар.

2. Ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздік деңгейін төмендетуге алып келетін, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларды қоспағанда, бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жатпайтын талаптарды қоюына жəне өтініштермен жүгінуіне тыйым салынады.

3. Бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды осы Заңда белгіленген тəртіп негізінде жəне соған қатаң сəйкестікте жүргізуге;

3) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу кезеңінде бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеуге;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жəне жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы жəне толық көлемде жүзеге асыруға;

5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уəкілетті өкілінің қатысуына, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына қатысты мəселелер бойынша түсіндірмелер беруіне кедергі келтірмеуге;

6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;

7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыны, тексеру нəтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс етуге;

8) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын жəне құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

 

2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 7-9-баппен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

7-9-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) не оның уəкілетті адамының мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) не олардың уəкілетті адамдары мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде:

1) бақылау жəне қадағалау органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:

тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;

тексеруді тағайындау туралы актіде (олар болған кезде мерзімді ұзарту, тоқтата тұру туралы қосымша актілерде) көрсетілген тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;

жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығының шегінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;

тексеруді жəне (немесе) тергеп-тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тапсырылған;

тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) көрсетілген;

тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

осы Заңда белгіленген талаптар өрескел бұзылған;

бақылау жəне қадағалау органының лауазымды адамдары осы Заңның 7-7-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;

2) ядролық, радиациялық жəне ядролық физикалық қауіпсіздік деңгейін төмендетуге алып келетін, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы жəне (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен мəліметтерді, егер олар тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, ұсынбауға;

3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нəтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау жəне қадағалау органы лауазымды адамдарының əрекетіне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;

4) бақылау жəне қадағалау органының немесе лауазымды адамдардың бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;